$ 496  588.01  6.42

Бірнеше адам зардап шеккен: Жамбыл облысында жеңіл көлік аударылды

Оқиға орнына жедел жеткен ТЖД қызметкерлері бірден құтқару жұмыстарына кірісті. Көлік ішінде әртүрлі деңгейде жарақат алған үш адам болған.

Фото: ТЖМ
Фото: ТЖМ

Төтенше жағдайлар министрлігі құтқарушылары жол апатынан зардап шеккендерге көмек көрсетті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Жамбыл облысында Қордай ауданына қарасты Отар ауылының маңында (шамамен 1 шақырым жерде) жеңіл көлік аударылып, ірі жол-көлік оқиғасы болды.

Оқиға орнына жедел жеткен ТЖД қызметкерлері бірден құтқару жұмыстарына кірісті. Көлік ішінде әртүрлі деңгейде жарақат алған үш адам болған. Өздігінен қозғала алмаған зардап шеккендердің бірі зембілге жатқызылып, жедел жәрдем көлігіне жеткізілді.

– Құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында апатқа ұшыраған үш адам да көліктен шығарылып, әрі қарай ауруханаға жеткізу үшін медицина қызметкерлеріне тапсырылды, – делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0