$ 496  588.01  6.42

Ірі жол апаты: «Үшарал – Достық»: автожолында 5 көлік соқтығысты

Жол қызметінің ескертуіне қарамастан автокөлік жүргізушілері жолға шыққан

Фото: "КазАвтоЖол"
Фото: "КазАвтоЖол"

 "Қазавтожол "Жетісу облысында" Үшарал – Достық – ҚХР шекарасы " автожолында болған ЖКО туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Жол көлік оқиғасы Үшарал-Достық жолында болды.

Апат салдарынан 6 адам түрлі дәрежеде жарақат алып, Алакөл аудандық ауруханасына жеткізілді.

Оқиға болған сәтте аталған жол учаскесі қолайсыз ауа райына (боран, қатты жел және нөлдік көріну) байланысты барлық көлік түрлері үшін ресми түрде жабық болған.

"Алдын ала мәлімет бойынша бір бағытта қозғалған көліктердің соқтығысқан. Оқиғаға қатысушылар полиция бекеттері мен енгізілген тыйымды елемей, далалық айналма жолмен жүріп, жабық республикалық автожолдың ортасына шығып кеткен", - делінген хабарламада.

Апаттық-құтқару жұмыстары барысында жол қызметкерлері қар құрсауында қалған 12 автокөлікті шығарып, 9 адамды құтқарды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0