$ 496  588.01  6.42

Сарыөзекте оқушылар батпақ кешіп жүр: ауыл жолы қашан жөнделеді?

Тұрғындардың айтуынша, бұл ауылдың ең басты көшелерінің бірі, бірақ жылдар бойы жөндеу көрмеген.

Коллаж: Sn.kz
Коллаж: Sn.kz

 

Жетісу облысы Сарыөзек ауылындағы мектеп маңындағы көшенің қазіргі күйі тұрғындардың ашуын туғызды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Әлеуметтік желіде тараған видеода қар аралас батпаққа батқан жолмен жаяу жүргіншілердің, әсіресе оқушылардың зорға қатынап жүргені анық көрінеді.

Тұрғындардың айтуынша, бұл ауылдың ең басты көшелерінің бірі, бірақ жылдар бойы жөндеу көрмеген.

Кейбірі 30-35 жыл бұрын да дәл осы лайсаң жолмен мектепке барғанын айтып, еш өзгеріс болмағанына қынжылады. Жауын-шашын мен қар еріген сайын көше ми батпаққа айналып, аяқ киім түгілі, көлік жүрудің өзі қиындайтынын жазған.

Осындай қарапайым жол мәселесін шеше алмаған әкімдік жұмысына халықтың наразылығы орынды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0