Жәбірленушінің немересі үйде ешкім жоқ сәтті пайдаланып, түскі уақытта жатын бөлмедегі сейфті бұзған.
Сауран ауданында полиция қызметкерлері пәтер ұрлығына қатысы бар күдіктіні анықтады, деп жазады Sn.kz ақпарат порталы.
Жәбірленушінің немересі үйде ешкім жоқ сәтті пайдаланып, түскі уақытта жатын бөлмедегі сейфті бұзған.
Сейфтің ішінен 3 миллион теңгеге жуық ақша мен алтын бұйымдарды жымқырған. Жалпы шығын 7 миллион теңгеге жуықтайды.
Күдікті ұрлаған бұйымдарды алтын сататын дүкендердің біріне өткізіп жіберген.
Тергеушілер қажетті заңды шаралардың барлығын атқарып, істі дәлелдеп, сотқа жолдады.