Оқиғадан кейін бойжеткен курьерге жазып, полицияға жүгінетінін ескерткен.
Ақпанның 14-і күні гүл күтумен басталған мереке жас қыз үшін нағыз қорқынышты оқиғаға ұласқан, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Жеткізу қызметі арқылы келген курьер пәтерге гүлді қою үшін кіргенімен, артынша әдепсіз әрекетке барған. Жәбірленушінің айтуынша, ер адам оның денесіне қол жүгіртіп, киімін шешпек болған. Қыз айқайлап қарсылық білдірген соң ғана күдікті үйден шығып кеткен.
Оқиғадан кейін бойжеткен курьерге жазып, полицияға жүгінетінін ескерткен.
Алайда, оның сөзінше, ер адам қорқыту сипатындағы жауап жолдаған. Қазір аталған дерек бойынша арыз қабылданып, күдікті іздестіріліп жатыр.