$ 491.97  583.77  6.39

Жедел жәрдем жетпейтін ауыл: Ақкөл маңындағы елді мекеннің медпункті адам шошырлық күйде

Балаларға арналған ойын алаңы салынбаған.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Ақмола облысы Ақкөл ауданына қарасты Ақкөл орман шаруашылығы ауылында әлеуметтік жағдай күрделі. Тұрғындар өз ауылдарындағы медициналық пункттің мүшкіл хәлін видеоға түсіріп, желіге жариялаған. Кадрлардан қабырғасы сыз тартқан, төбесі опырылған, ескірген жиһаздармен ғана жабдықталған медпунктті көруге болады. Мұндай көрініске қарап, елдегі денсаулық сақтау саласына бөлінетін қомақты қаржыға күмән келтіргендер көп.

Жергілікті халықтың айтуынша, ауыл Ақкөл қаласынан небәрі 7 шақырым жерде орналасса да, жедел жәрдем дер кезінде келмейді. Тіпті шұғыл жағдайлардың өзінде науқастар көлік іздеп, ауыл чатына жазуға мәжбүр. Елді мекенде шамамен 250 адам тұрады. Асфальт жол тек орталық көшеде ғана бар, оның өзінде жарықтандыру жоқ.

Балаларға арналған ойын алаңы салынбаған. Ауыл тұрғындары балаларды аудан орталығындағы үйірмелерге тасымалдау үшін автобус бөлуді бірнеше рет сұрағанымен, нәтиже шықпаған. Жұрт уәде мен жауап хаттардан шаршағанын айтып, сайлауалды бағдарламаларды енді мысқылмен еске алатынын жасырмайды.

Видео дереккөзі: turar_media / turar_media_news Instagram

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0