$ 491.97  583.77  6.39

Таразда арық бітеліп, көшелер көлге айналды: тұрғындар әкімдікке ашулы

Тұрғындар бірнеше күннен бері жағдай өзгермегенін, көліктер үйлердің маңына дейін су шашып өтетінін айтып шағымдануда.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Тараз қаласында еріген қар суы мен жиналған ағын су салдарынан бірнеше көше көлге айналып, тұрғындардың жүріп-тұруы қиындаған.

Қала халқының айтуынша, арықтар мүлде тазаланбайды, соның кесірінен су арнасына сыймай, жол бойына жайылып жатыр. Әсіресе кешкі уақытта көше шамдарының жарығымен шағылысқан қалың су жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге қауіп төндіруде.

Тұрғындар бірнеше күннен бері жағдай өзгермегенін, көліктер үйлердің маңына дейін су шашып өтетінін айтып шағымдануда.

Алайда қала әкімдігі тарапынан арық жүйесін уақытылы тазалау мен суды бұру жұмыстары тиісті деңгейде ұйымдастырылмағаны сынға алынды.

Видео: Instagram kris.p.taraz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0