Ота 2 сағат 50 минутқа созылды.
Түркістан қалалық балалар ауруханасында медицина тәжірибесінде сирек кездесетін әрі аса күрделі ота сәтті жүргізілді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
15 жастағы қыз шұғыл түрде ауруханаға жеткізілген. Тексеру барысында асқазан қуысында ірі көлемді бөгде зат анықталған.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, дәрігерлер шұғыл шешім қабылдап, күрделі хирургиялық ота жасады. Науқастың асқазанынан салмағы 900 грамм болатын шаш түйіні алынды.
– Ота 2 сағат 50 минутқа созылды. Хирургиялық бригада, анестезиологтер және орта медицина қызметкерлері бірлесе жұмыс істеп, отаны сәтті аяқтады. Қазіргі таңда науқастың жағдайы тұрақты, дәрігерлердің бақылауында, - делінген хабарламада.