$ 491.97  583.77  6.39

Гвардейск гарнизонында сарбаздың жақ сүйегі сынған: әскери полиция тергеу бастады

Зардап шеккен әскери қызметші Алматы қаласындағы Әскери-клиникалық госпитальға жатқызылды.

Фото: gov.kz/memleket
Фото: gov.kz/memleket

Гвардейск гарнизонының Әскери полициясы әскери бөлімдердің бірінде әскери қызметшіге қатысты күш қолдану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Отардағы сұмдық: Сарбаздың сынған жағы мен мұрнын жасыруға тырысқан кім?

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, Гвардейск гарнизонының Әскери полициясы әскери бөлімдердің бірінде әскери қызметшіге қатысты күш қолдану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

Оқиға салдарынан сарбаздардың бірі жақ сүйегінен жарақат алған. Зардап шеккен әскери қызметші Алматы қаласындағы Әскери-клиникалық госпитальға жеткізіліп, ем қабылдап жатыр. Оған қажетті барлық білікті медициналық көмек көрсетілуде, денсаулығы әскери дәрігерлердің тұрақты бақылауында. Аталған дерек Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеліп, жан-жақты тексеру басталған.

Тергеу барысында оқиғаға қатысы бар барлық тұлғалардың әрекеттеріне құқықтық баға беріледі. Сонымен қатар, жарғыға қайшы қатынастар туралы жоғары тұрған қолбасшылыққа дер кезінде хабарламаған және медициналық көмекті ұйымдастыруда кемшілік жіберген лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі де қаралады.

Тергеу шаралары кезінде әскери бөлімнің бірқатар лауазымды қызметкерлері уақытша міндеттерінен шеттетілген. Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, тергеу нәтижесінде кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады. Жағдай Қарулы Күштер басшылығының ерекше бақылауында, ал тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0