$ 491.97  583.77  6.39

«Адамдар оразада шыбынша қырылады»: Ахметбек Нұрсила желіні шулатты (ВИДЕО)

Бірер күнде 200 мыңнан астам қаралым жинаған бұл видео желі қолданушылары арасында қызу талқылануда.

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Кейінгі кездері өзін нейробиолог деп таныстырып жүрген Ахметбек Нұрсила оразаға қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Оның сөзіне сенсек, адам ашыққан кезде қаны қоюланып, оның салдары өліммен аяқталуы әбден мүмкін.

«Жаздың күні ораза кезде адамдар шыбынша қырылады. Ауруына ауру жамайды. Неге десеңіз, жазда күн өте ұзақ әрі ыстық. Қаның қоюланады, одан кейін холестерин жиналады. Содан инсульт, инфаркт алу қаупі 100 есе артады. Өйткені, қанның 90% су. Сен су ішпегеннен кейін сөйлеген кезде аузыңнан дем шығады, терлеген кезде сонымен бірге кетеді. Қаның одан сайын қоюланады. Әрине, денсаулығы, болмысы мықты адам шыдап кетеді. Ал денсаулығы әлсіз адамда инсульт немесе инфаркт болады. Сондықтан ашыққан кезде сусыз емес, су ішіп ашығу керек. Имамға былай айтыңыз: Екі жолы бар. Мен ораза ұстағым келеді бірақ су ішіп ашығайын. Болмаса толық ашығайын, ауырсам, ауырайын. Қалай жауап береді көріңіз. Ауырмасаң, арам қат. Бәрібір ашық десе, ары жүр деңіз. Ал су ішіп ашық десе ашығыңыз. Су ішу керек, онсыз өмір жоқ», — дейді ол.

Бірер күнде 200 мыңнан астам қаралым жинаған бұл видео желі қолданушылары арасында қызу талқылануда. Олардың басым көпшілігі Ахметбек Нұрсиланың бұл ойымен келіспейтінін жазуда.

«Бұрын бизнесті үйрететін едіңіз, енді медицинаға көштіңіз ба? Оттай бермеңіз», «Шілденің ыстығында да ұстадық, қырылған ешкім жоқ», «Өмір бойы ыстық болатын араб елдерінде ешкім қырылмайды ғой. Өтірікті қалай айтасыңдар», «Бояушы бояушы деген сайын сақалын бояптыға келіп тұрсың», — деп жазды олар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0