Биіктен құлаған ауыр қар массасы подъезд алдындағы конструкцияны жарамсыз күйге түсірген.
Ақтөбе қаласының 11-шағын ауданындағы №82 көпқабатты үйде шатыр үстіне жиналған қар күннің күрт жылынуынан кейін төмен сырғып, кіреберіс қалқасын қиратып кетті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Биіктен құлаған ауыр қар массасы подъезд алдындағы конструкцияны жарамсыз күйге түсірген. Абырой болғанда, оқиға кезінде кіреберіс маңында адамдар болмаған — әйтпесе қайғылы жағдайдың орын алуы әбден мүмкін еді. Тұрғындардың айтуынша, шатырдағы қар ұзақ уақыт бойы тазаланбаған. Соның салдарынан кіреберіс маңы қауіпті аймаққа айналған.
Қазір тұрғындар балалар мен қарттардың қауіпсіздігіне алаңдап отыр. Бұл жағдай көпқабатты үйлердің шатырын уақытылы тазалау жұмыстары тиісті деңгейде бақылауда емес екенін көрсетті. Коммуналдық қызмет пен әкімдік тарапынан алдын алу шараларының дер кезінде жүргізілмеуі тұрғындар өміріне төнген нақты қауіптің бір дәлелі.
Мамандар мұндай кезеңде шатыр еңістерінің астымен жүрмеуге, сондай-ақ ол маңға көлік қоймауға шақырады. Қардың аяқасты құлауы адам өміріне аса қауіпті.