19.02.2026, 21:30

4 адам қаза тапты: Абай облысында жантүршігерлік жол апаты болды (ВИДЕО)

Фото: Видеодан алынған кадр

Тиісті сараптамалар тағайындалып, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Абай облысында екі автокөлік соқтығысып, 4 адам көз жұмды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол-көлік оқиғасы 19 ақпанда сағат 15:25–те болған.

— Алдын ала мәлімет бойынша, Омбы-Майқапшағай тасжолының 867-шақырымында, Салқын-Төбе ауылының маңында Lada Priora және Chevrolet Cobalt маркалы автокөліктер бетпе-бет соқтығысқан. Соның салдарынан 4 адам қаза болып, тағы үш адам түрлі дене жарақаттарын алды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, — деп хабарлады ведомство өкілдері.

Тиісті сараптамалар тағайындалып, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.