$ 489.17  576.63  6.38

Қыс қаһарына қайта мінбек: Алдағы күндері аяз түседі

Сондай-ақ екпінді жел күшейіп, боран соғады, көктайғақ пен тұман құбылыстары байқалады.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Бұл туралы "Қазгидромет"РМК мәлім етті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Синоптиктердің хабарлауынша, еліміздің басым бөлігінде циклон мен атмосфералық фронттардың әсерінен әртүрлі қарқындылықтағы жауын-шашын күтіледі. Солтүстік және шығыс өңірлерде қар жауып, кей уақыттарда қалың қар түседі. Оңтүстік облыстарда жауын-шашын негізінен жаңбыр түрінде болжанады.

Сондай-ақ екпінді жел күшейіп, боран соғады, көктайғақ пен тұман құбылыстары байқалады.

"Циклоннан кейін Батыс Сібір жазығы (ЕТР) аудандарынан антициклон батыс өңірлерге ығысады. Соның әсерінен жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы төмендейді. Түнгі уақытта батыс облыстарда ауа температурасы 10–22 градус аязға дейін, солтүстік облыстарда 17–25 градус аязға дейін, ал оңтүстік облыстарда 0–8 градус аязға дейін төмендейді. 23 ақпаннан бастап солтүстік-батыста, 24 ақпаннан бастап солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде ауа температурасының күрт төмендеуі болжанады. Кей жерлерде 25–37 градусқа дейін аяз күтіледі", – деп жазылған хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0