Оқиға 6-Ерік аумағындағы Пешной каналы бойында, Взморье бағытына апаратын жолда болған.
Атырау облысында қысқы балық аулау кезінде жеңіл автокөлік мұз астына түсіп кетті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Оқиға 6-Ерік аумағындағы Пешной каналы бойында, Взморье бағытына апаратын жолда болғаны айтылады. Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбадан көліктің мұз ойығына батып кеткенін көруге болады.
Алдын ала мәліметке сәйкес, көлік балықшылардың біріне тиесілі болуы мүмкін. Жағада мотоцикл тұрғаны, айналада балық аулау құралдарының шашылып жатқаны байқалады. Куәгерлердің айтуынша, оқиға кезінде көлік маңында адамдар болған.
Қазіргі уақытта зардап шеккендер туралы нақты ақпарат жарияланған жоқ.
Құзырлы органдар мән-жайды анықтап жатыр.
Мұздың қалыңдығына көз жеткізбей, көлікпен шығу – адам өміріне тікелей қауіп төндіретіні тағы да дәлелденді.