Видеоны жүрегі әлсіз жандарға көруге болмайды.
Ақмола облысының әкімдігі Щучинск қаласында дәмханалардың бірінде газ-ауа қоспасы жарылып, өрт шыққан. Онда бес қабатты тұрғын үйге жапсарлас салынған бір қабатты кафеде газ-ауа қоспасының жарылысынан қаза тапқандар саны 7 адамға жетті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Желіде кафедегі жарылыстың алғашқы кадрлары тарады. (Видеоны жүрегі әлсіз жандарға көруге болмайды)
Салдарынан 7 адам қаза тапты, оның ішінде 16 жастағы қыз бар.
13 адам аураханада, 6-ауы амбулаториялық бақылауға жіберілді.
Оқиғаның себебі анықталып жатыр.