$ 501.75  591.96  6.52

Щучинсктегі жарылыс: Қаза тапқандардың отбасына 2 миллион теңгеден берілетін болды

Ал зардап шеккендер 1 млн теңгеден алады

Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

 Щучинск қаласындағы жарылыстан қаза тапқандардың отбасысына және жарақат алғандарға бір реттік көмек көрсетіледі, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бурабай ауданының әкімі Арай Садықов жағдай дереу бақылауға алынып, жедел штаб құрылғанын айтты.

"Қаза тапқандардың отбасына 2 млн теңге мөлшерінде біржолғы материалдық көмек төленеді, ал зардап шеккендерге 1 млн теңгеден беріледі", - деді аудан әкімі.

Әкімдік жерлеу рәсімдерін ұйымдастыруды өз мойнына алды.

Дәрігерлердің айтуынша, жарылыстан зардап шеккен 4 адамның жағдайы өте ауыр.

"Оқиға орнында 5 адам қаза тапты, тағы 2 адам ауруханаға жеткізілген кезде көз жұмды. Бурабай аудандық ауруханасының жансақтау бөлімінде жағдайы ауыр және аса ауыр халдегі 4 науқас жатыр. 3 науқас травматология бөлімінде, 8 адам амбулаториялық ем қабылдауда. 6 науқас Көкшетау қаласындағы көпсалалы облыстық ауруханаға эвакуацияланды", - дейді Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Ермек.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0