Әкімдік жол жөндеу жұмыстары жоспарға сай жүргізіліп жатыр деп есеп берумен шектелмеуі керек, халық нақты нәтиже күтеді.
Тараз қаласы, Богдан Хмельницкий көшесінде тұрғындар жолдың әбден тозғанына шағымдануда. Жаңбыр жауса болды, асфальттың орнына көлшік пен ойық-шұңқыр ғана қалады, деп жазады Sn.kz ақпарат порталы.
Көлік жүргізушілері шұңқырға түсіп, темір тұлпарларының астыңғы бөлігіне зақым келіп жатыр деген наразы пікірлерін білдірген. Әлеуметтік желіде тараған видеода жолдың шетін су шайып, асфальт опырылып тұрғаны анық көрінеді. Тұрғындардың айтуынша, бұл мәселе бүгін немесе кеше пайда болмаған, ұзақ уақыттан бері шешімін таппай келеді. Қала ортасындағы көшенің осындай күйге түсуі – инфрақұрылымға жауапты мекемелердің жұмысын тағы да күн тәртібіне шығарды.
Әкімдік жол жөндеу жұмыстары жоспарға сай жүргізіліп жатыр деп есеп берумен шектелмеуі керек, халық нақты нәтиже күтеді.
Видео: Instagram taraz_v_obektive