$ 497.56  586.92  6.44

Air Astana Таяу Шығыста қалған 735 жолаушыны қонақүйге орналастырды

Форс-мажорлық жағдайға қарамастан, жолаушыларға бір тәулік тегін тұру мүмкіндігі қарастырылған.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Таяу Шығыс бағыттарына рейстердің мәжбүрлі түрде уақытша тоқтатылуына байланысты Air Astana компаниялар тобы өңірде қалып қойған жолаушыларды қолдау үшін бірқатар жедел шараларды іске қосты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Әуекомпания мәліметінше, қазіргі уақытта оның есебінен шетелде қалған жолаушылар қонақүйлерге уақытша орналастырылған.

Қонақүйге жайғастырылған жолаушылар саны:

  • Доха – 174 жолаушы;
  • Дели (Алматы – Дубай рейсі) – 231 жолаушы;
  • Дубай – 330 жолаушы.

Форс-мажорлық жағдайға қарамастан, жолаушыларға бір тәулік тегін тұру мүмкіндігі қарастырылған.

Сонымен қатар, әуекомпания Дубай қаласындағы Flora Al Barsha және Flora Creek қонақүйлерімен тегін орналастыру мерзімі аяқталғаннан кейін Air Astana жолаушылары үшін арнайы тарифтер ұсыну жөнінде келісімге келген.

Компания өкілдері қонақүйде одан әрі тұру, құқықтық мәселелер немесе елге оралуға қатысты сұрақтар туындаған жағдайда жолаушыларға Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің жедел байланыс желілеріне мүмкіндігінше тез арада хабарласуға кеңес береді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0