$ 497.56  586.92  6.44

Шымкентте халық батпақ кешіп жүр

Қала тұрғындары жауап күтеді.
 

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Шымкент қаласындағы Абай даңғылы, 5/7 мекенжайында жаңбыр жауса болды, көше әп-сәтте суға толады. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, жолдың екі жағында да арық жоқ. Соның салдарынан жауын суы жиналып, көлік те, жаяу жүргінші де қиналады. Ең сорақысы – бұл аумақта жаяу жүргіншілерге арналған тротуар да қарастырылмаған. Адамдар лай кешіп, су жағалап жүруге мәжбүр.

Кадрлардан көше бойының көлкіген суға айналғанын анық көруге болады. Жаяу жүрген тұрғындар ағаш түбін жағалап, батпақпен әрең қозғалады. Бұл – жай ғана қолайсыздық емес, бұл – қауіпсіздік мәселесі. Балалар мен қарттар үшін мұндай жол үлкен қауіп төндіреді.

Қалада жаңа нысандар бой көтеріп жатқанымен, қарапайым инфрақұрылым – арық пен тротуардың жоқтығы ойландырмай ма? Әкімдік бұл аумақты көрмей отыр ма, әлде көрсе де мән бермей ме? Әр жауыннан кейін қайталанатын мәселені шешуге нақты қадам қашан жасалады?

Қала тұрғындары жауап күтеді.

Видео @kritika_shymkent

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1