$ 497.56  586.92  6.44

Ердоған Таяу Шығыстағы ахуал бойынша үн қатты

Түркия президенті сондай-ақ дағдарысты шешуде Түркия мен Еуропалық Одақ арасындағы тығыз ынтымақтастықты жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.

Фото: AP / Markus Schreiber
Фото: AP / Markus Schreiber

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Еуропалық комиссияның төрағасы Урсула фон дер Ляйенмен телефон арқылы сөйлесті. Әңгіме барысында екеуі Иранға жасалған шабуылдар және одан кейінгі қақтығыс процесін талқылады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

"Президент Ердоған Түркияның барлық тараптарды дипломатия мен келіссөздерге оралуға шақыратынын және бейбітшілік процесіне барлық мүмкін қолдауды көрсетуге дайын екенін атап өтті", – делінген Түркия президенті кеңсесінің мәлімдемесінде.

Түркия президенті сондай-ақ дағдарысты шешуде Түркия мен Еуропалық Одақ арасындағы тығыз ынтымақтастықты жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.

Айта кетейік, 28 ақпанда АҚШ пен Израиль Ирандағы нысандарға, соның ішінде Тегеранға шабуыл жасай бастады. Иран Израиль аумағына, сондай-ақ Таяу Шығыстағы АҚШ әскери нысандарына жауап ретінде шабуыл жасауда.

Иранға шабуылдар Вашингтон мен Тегеран арасындағы Иранның ядролық мәселесі бойынша келіссөздерге қарамастан жасалды, оның соңғы кезеңі 26 ақпанда Женевада өткен болатын. Шабуыл Иранның Жоғарғы көсемі аятолла Әли Хаменеидің қазасына себеп болды. Елде 40 күндік аза тұту жарияланды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 5
Күлкілі 0
Ашулы 0