$ 497.56  586.92  6.44

Ақтөбеде иттерді атып, өлексесін гараж маңына тастап кеткен

Әлеуметтік желіде тараған видеода өлі жануарлардың ашық жерде жатқанын көруге бол

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Ақтөбе қаласындағы Авиагородок ауданында тұрғындар дабыл қақты. Гараждар маңынан бірнеше иттің өлексесі табылған. Куәгерлердің айтуынша, жануарлар атылған болуы мүмкін, ал олардың денесі қар үстінде сол күйі тасталып кеткен, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Әлеуметтік желіде тараған видеода өлі жануарлардың ашық жерде жатқанын көруге болады. Күн жылынған сайын жағымсыз иіс шығып, инфекция тарау қаупі артады деп алаңдаған тұрғындар жауапты мекемелерден шұғыл шара қабылдауды талап етуде.

«Иттерді чиптеп, бюджет қаржысын жұмсаған соң, неге соңында атып тастайды?» деген сауал да қоғамда қызу талқыланып жатыр. Егер бұл расымен жаппай ату болса, онда оның заңдылығы мен орындалу тәртібі толық тексерілуі тиіс.

Мұндай жағдайда ең басты мәселе - өлекселердің дер кезінде жиналмауы. Бұл - тек адамгершілік мәселесі емес, санитарлық қауіпсіздікке тікелей қатер. Әсіресе гараж маңы - адамдар жиі жүретін аумақ.

Қала әкімдігі мен ветеринарлық қызмет бұл жайтқа қатысты нақты түсініктеме беруі керек. Иттерді ату фактісі болды ма? Болса, неге өлекселер ашық далада қалдырылған? Әлде жауапты қызметтер тағы да бақылаудан тыс қалды ма?

Қоғамдық денсаулық пен тәртіпке жауап беретін мекемелер үнсіз қалмауы тиіс. Тұрғындардың денсаулығы - бірінші орында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0