Операция жоспарға сай жүргізіліп жатыр.
АҚШ президенті Дональд Трамп Иран аумағындағы әскери операциялар шамамен 4 аптаға созылуы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы ол Daily Mail басылымына берген сұхбатында айтты. Операция жоспарға сай жүргізіліп жатыр. Трамп Вашингтон Ирандағы жоғары лауазымды тұлғалардың көзін жойғанын хабарлап, әңгіме шамамен 48 адам туралы болуы мүмкін екенін атап өтті. Алайда бұл ақпаратқа қатысты нақты дәлелдер келтірілмеді. Сонымен қатар, АҚШ президенті Тегеранмен келіссөз жүргізуге дайын екенін жеткізді.
«Мен білмеймін. Олар келіссөз өткізгісі келеді, бірақ мен оларға: “Сіздер бұл аптада емес, өткен аптада сөйлесулеріңіз керек еді” деп жауап бердім», – деді Трамп.
1 наурыз күні Ақ үй басшысы америкалықтарға үндеу жасап, қаза тапқан үш сарбаз үшін кек алуға уәде берді. Сол күні ол The Atlantic журналына берген сұхбатында Иран билігін келіссөздер мәселесінде тым ұзақ кідірді деп айыптады.