$ 497.56  586.92  6.44

Щучинскідегі жарылыстан зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды

Аталған қайғылы жағдай Ақмола облысы әкімдігінің және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бақылауында.

Фото: Baq.kz/Сырым Рахимбеков
Фото: Baq.kz/Сырым Рахимбеков

Ақмола облысының Көпбейінді облыстық ауруханасының жансақтау бөлімінде Щучинск қаласындағы дәмханада болған жарылыс салдарынан зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету жалғасуда, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Қазіргі уақытта анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде тәулік бойы төрт ауыр деңгейдегі науқас ем қабылдауда. Олардың үшеуінің жағдайы ауыр, тұрақты. Бір науқастың күйік аумағының 85% болуына байланысты жағдайы аса ауыр. Өкпені жасанды желдету жүргізілуде, - деп хабарлады Ақмола облысының Денсаулық сақтау басқармасы.

Дәрігерлер мәлім еткендей, зардап шеккендердің барлығына медициналық көмек толық көлемде көрсетілуде, күн сайын штаттан тыс бас мамандардың қатысуымен консилиумдар өткізілуде.

Көпбейінді облыстық аурухана мамандары эфферентті терапия әдістерін қосуды жүзеге асыруда. Барлық қажетті дәрілік заттар мен шығыс материалдары жеткілікті мөлшерде бар. Күн сайын республикалық жедел медициналық көмек орталықтарына есеп беріліп, консилиумдар өткізілуде, - делінген хабарламада. 

Аталған қайғылы жағдай Ақмола облысы әкімдігінің және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бақылауында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0