02.03.2026, 17:00

«Жағдайы белгісіз»: Иран Нетаньяхудың кеңсесіне шабуыл жасады

Nathan Howard / POOL / AFP via Getty Images

Израиль бұған қатысты ресми ақпарат таратпады.

Иранның Ислам революциясы сақшылар корпусы Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхудың кеңсесіне зымыранмен соққы жасалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

«Әскери операция барысында қылмыс режимінің премьер-министр кеңсесі, сондай-ақ оның әуе күштері қолбасшысының орналасқан жері «Хейбар» зымырандарымен атқыланды», – делінген Иранның мемлекеттік телерадиосы таратқан хабарламада.

Ислам революциясы сақшылар корпусы Израиль премьер-министрінің тағдыры әзірге белгісіз екенін хабарлады.

Айта кету керек, бұған дейін Иран АҚШ-пен келіссөз жүргізбейтінін мәлімдегенін жазғанбыз. Иранның уақытша жоғарғы көсемі тағайындалды.  Дональд Трамп Ирандағы әскери іс-қимыл қанша уақытқа созылатынын айтты.