$ 497.56  586.92  6.44

Ақтөбеде газ құю бекетінде жарылыс болды (ВИДЕО)

Ақтөбе қаласы Кірпішті тұрғын алабында болды.

Фото: ТЖМ
Фото: ТЖМ

Оқиға таңда тіркелді. Алдымен газ құю бекеті жанып, кейін жойқын жарылыс болды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Қазір бұл бағыттағы жол жабық тұр.

Ақтөбе қаласы Кірпішті тұрғын алабында болды.

- Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары жедел жетіп, өртті сөндіру жұмыстарына кірісті. Өрт сөндірушілердің үйлесімді іс-қимылдарының арқасында өрт толықтай сөндірілді. Оқиға салдарынан екінші жерүсті цистерна, газ тасымалдаушы автокөлік және операторлық бөлме өртенді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның себебі анықталып жатыр,- деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Айта кетейік, өртті сөндіруге ТЖД, ЖҚЖ және ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының шамамен 60 қызметкері мен 16 техникасы жұмылдырылды.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0