$ 471.46  555.38  6.18

Beeline-ге жазылған арыз «жоғалып кеткен»: Халық компанияның салғырттығына айып тақты

Қауіпсіздікке қатысты мұндай мәселеде байланыс операторларының әрекетсіздігі түсініксіз.

Фото: Tengrinews.kz, Тұрар Қазанғапов
Фото: Tengrinews.kz, Тұрар Қазанғапов

Қызылорда қаласының тұрғыны Beeline компаниясының әрекетіне шағымданды. Тұрғын сол күні компания кеңсесіне барып, сымды алып тастау туралы жазбаша арыз қалдырған, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Алайда 0611 және 3131 нөмірлеріне қайта хабарласқанда, өтініштің тіркелмегені айтылған. Тіпті бірнеше рет хабарласқанымен, нақты жауап болмаған.

Жаңбыр мен мұзды күндері төбедегі сым қауіп төндіріп тұрғанын айтқан тұрғын: «Өзім кесіп тастасам, айыппұл саласыңдар», – деп ашынды. Оның сөзінше, компания мәселені созбалаңға салып отыр.

Қауіпсіздікке қатысты мұндай мәселеде байланыс операторларының әрекетсіздігі түсініксіз. Арыз неге жүйеде жоқ? Бұл – ашық қалған сұрақ.

Бұл мәселеге қатысты Beeline Қазақстан былай деп пікір білдірді: 

«Шатырдың оптикалық кабель орнатылған құбыр-тіреуіш орналасқан бөлігіндегі зақымдану фактісі бойынша өтініш тіркелді. 02.03 күні компанияның техникалық бөлімінің бригадасы көрсетілген мекенжайға барып, қажетті қалпына келтіру жұмыстарын жүргізді: зақым толық жойылды, шатырдың герметикалығы қалпына келтірілді, құбыр-тіреуіш техникалық талаптарға сәйкес жағдайға келтірілді. Beeline Қазақстан өтініштерге жедел әрекет етуге және желіні пайдалану барысында сапа мен қауіпсіздік стандарттарын сақтауға аса көңіл бөледі», - делінген хабарламада.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0