Оларға қажетті медициналық көмек көрсетіліп, жатын орын және өзге де тұрмыстық жағдайлар толық қарастырылған.
Руслан Өтепбай көпшіліктің алаңдаушылығын тудырған Назгүл мен Құндыздың жағдайын білу үшін арнайы Тараз қаласына барып қайтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Журналистің айтуынша, қазір апалы-сіңлілер Тараздағы арнайы орталықта ем қабылдап, қауіпсіз жерде тұрып жатыр. Оларға қажетті медициналық көмек көрсетіліп, жатын орын және өзге де тұрмыстық жағдайлар толық қарастырылған. Қыздардың көңіл-күйі жақсы, өздерін қалыпты сезінеді.
Сондай-ақ Руслан Өтепбай қыздарды өз қамқорлығына алуды ойлағанын жеткізді. Алайда бойдақ болуына байланысты құжат рәсімдеу барысында белгілі бір кедергілер туындаған.
Дегенмен ең бастысы – Назгүл мен Құндыз қазір дәрігерлердің бақылауында, мемлекеттің қорғауында. Журналист алдағы уақытта да олардың жағдайын біліп тұратынын айтты.
Қоштасар сәтте қыздар «Біз үшін алаңдап, дұға жасап жатқан барша қазақ еліне сәлем жолдаңыз» деп өтініш білдірген.
Тағдыр тәлкегіне түскен қос қарындасқа жанашырлық танытып, қолдау білдіріп жатқан жұртшылыққа Руслан Өтепбай алғыс айтты.