03.03.2026, 12:30

Дубайда өртенген үйлер арасында қазақстандықтардың мүлкі бар ма?

Фото: видеодан скриншот

Қазақстан тарапы жағдайды дипломатиялық арналар арқылы қадағалап отыр. 

Үкімет отырысынан кейін өткен брифингте Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Дубайдағы өртке қатысты сауалға жауап берді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Журналистер «өртенген тұрғын үйлердің арасында қазақстандықтардың баспанасы бар ма?» деген сұрақ қойды. Вице-министрдің айтуынша, қазіргі уақытта қазақстандық азаматтардың мүлкі зардап шекті деген ресми дерек тіркелмеген. Дегенмен мәселе бақылауда тұр.

«Ондай ақпарат бізге түскен жоқ. Жағдайды бақылауда ұстаймыз», – деді ол.

Айта кетейік, Дубайдағы бірнеше тұрғын үй кешенінде болған өрт халықаралық деңгейде талқылануда. Қазақстан тарапы жағдайды дипломатиялық арналар арқылы қадағалап отыр.