03.03.2026, 14:40

«Бесінші баласына жүкті»: Шавкат Рахмоновтың әйеліне қатысты тың ақпарат шықты

Фото: видео скриншот

Қаза тапқан әйелдің артында 2006 жылы туған ұлы қалған.

Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Шавкат Рахмоновтың келіншегіне қатысты сот процесі өтіп жатыр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Сот отырысында жәбірленушілер Гүлайым Рахмоноваға кешірім бергендерін мәлімдеді.

Сондай-ақ Гүлайым Рахмонованың бесінші балаға жүкті екені, қазір жүктіліктің жетінші айында екені белгілі болды.

Қаза тапқан әйелдің артында 2006 жылы туған ұлы қалған.

Еске сала кетейік, қайғылы оқиға 2025 жылдың жазында Жамбыл облысындағы Алматы - Екатеринбург тасжолының 296-шақырымында болған. Тергеу мәліметінше, Гүлайым Рахмонова Қарағандыдан Алматыға қарай көлікпен бара жатқан. Қасында әпкесі, ұлы және құрбысы болған.

Жолдың 296-шақырымында Toyota Land Cruiser көлігі тізгінге бағынбай, қоршауға соғылып, аударылған. Салдарынан бір әйел оқиға орнында көз жұмса, екіншісі ауруханаға бара жатқан жолда қайтыс болды. Гүлайым Рахмонова мен оның ұлы ауруханаға жеткізілген.