Үшеуінің жағдайы ауыр, бірақ тұрақты деп бағалануда.
26 ақпанда Щучинск қаласындағы кафеде болған жарылыс пен өрт салдарынан қаза тапқандар саны сегіз адамға жетті – бүгін «Авиценна Бурабай» ауруханасында науқастардың бірі көз жұмды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Қазіргі уақытта барлық зардап шеккендер медициналық мекемелерде ем қабылдауды жалғастырып жатыр. Олардың төртеуі Көкшетау қаласындағы Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында ем алуда. Үшеуінің жағдайы ауыр, бірақ тұрақты деп бағалануда.
Бір науқастың денесінің 85 пайызы күйіп қалған, оның жағдайы өте ауыр.
Науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Күн сайын штаттан тыс бас мамандардың қатысуымен консилиумдар өткізіледі. Мамандар эфференттік терапия әдістерін қолдануда. Күн сайын Астанадағы Жедел медициналық көмек орталығына есеп беріліп отырады, – деп хабарлады облыстық аурухана дәрігерлері.
Еске салайық, 26 ақпан күні сағат 21:57 шамасында Ақмола облысының Щучинск қаласында болған төтенше жағдай салдарынан 7адам қаза тапқан болатын. Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бес адам оқиға орнында көз жұмған, тағы екеуі 2026 жылғы 26 ақпанда жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Қаза тапқандардың арасында 16 жастағы қыз бар.