Бүгін прокуратура осы дәмхана басшысының ұсталып, қамалғанын хабарлаған еді.
Щучьедегі «Центр плова» дәмханасындағы жарылыстан қаза тапқандардың саны тоғыз адамға жетті. Кеше Бурабай аужандық ауруханасында бір ер адам, ал бүгін дәмхана әкімшісі болып жұмыс істеген әйел адам қаза тапты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
«Жарылыс кезінде денесінің 85 пайызын күйік шалған науқастың көз жұмғанын қайғыра хабарлаймыз. Оның өмірі үшін Бурабай ауданының дәрігерлері соңғы сәтке дейін күрескен еді», - дейді Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Ермек.
Айта кетейік, бүгін прокуратура осы дәмхана басшысының ұсталып, қамалғанын хабарлаған еді.