03.03.2026, 20:30

Шұғыл! Семейде балалар ойын-сауық орталығы өртеніп жатыр (ВИДЕО)

Фото: Видеодан алынған кадр

Оқиға орнында жедел штаб құрылды.

Семей қаласындағы балаларға арналған ойын-сауық орталығында шыққан өртті өрт сөндірушілер сөндіріп жатыр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Құтқарушылардың алғашқы бөлімшесі жеткен кезде ғимарат ашық жалынмен жанып тұрған. Төбенің бір бөлігі опырылып құлаған. Әкімшілік өкілдерінің айтуынша, адамдар өздігінен эвакуацияланған.

Құтқарушыларға зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген. Оқиға орнында жедел штаб құрылды.

Семейдегі ойын-сауық орталығындағы өртке қатысты Абай облыстық денсаулық сақтау басқармасы алдын ала мәлімет бойынша зардап шеккендер жоқ екенін хабарлады.

Сондай-ақ ақпарат түскен сәттен бастап оқиға орнына жедел жәрдем бригадалары дереу жіберілгені айтылды. Қазіргі уақытта медицина қызметкерлері сол жерде кезекшілік атқаруда. Қосымша ақпарат кейінірек беріледі.

Өртке қатысты бейнежазбалар әлеуметтік желілерде таралуда.