09.03.2026, 14:30

Щучинсктегі жарылыс: ауруханадағы екі адам көз жұмды

Фото: ҚР Денсаулық сақтау министрлігі

Дәрігерлер зардап шеккендердің өмірін сақтап қалу үшін бар күшін салып жатыр.

Щучинск қаласындағы «Палау орталығы» дәмханасындағы өрт салдарынан тағы екі адам көз жұмды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

- Дәрігерлердің күш-жігеріне қарамастан, Щучинскідегі жарылыстан зардап шеккен ауыр жағдайдағы тағы екі науқас қайтыс болды. 8 наурыз «Авиценна-Бурабай» ауруханасының жансақтау бөлімінде жатқан бір пациент, ал 9 наурызда Көкшетаудағы Ақмола облыстық көпсалалы ауруханасында емделіп жатқан тағы бір науқас қайтыс болды, - деді Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Ермек.

Дәрігерлер зардап шеккендердің өмірін сақтап қалу үшін бар күшін салып жатыр.