$ 493.85  571.78  6.25

«Мереке күні күйеуі аяусыз ұрған»: Айгүл Орынбек сұмдық оқиғаны бөлісті (ФОТО)

Оның жазбасы әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр.

Коллаж: sn.kz
Коллаж: sn.kz

Заңгер Айгүл Орынбек әлеуметтік желідегі парақшасында тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты жағдайды жариялап, Шымкент қаласының полициясынан заң аясында тиісті шара қабылдауды сұрады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Оның айтуынша, мереке күні күйеуі әйелін аяусыз ұрып-соғып, салдарынан жәбірленуші ауруханаға жеткізілген.

Заңгер бұл жағдайға байланысты қоғам назарын аударып, былай деп жазды:

«Менің таңым кейде осылай атады… Басқа елдерде мереке күні әйелдер гүл алып қуанып жатса, маған көмек сұрап хабарласады.

Мына әйелді күйеуі дәл мереке күні аяусыз ұрып-соғып, Роща ауруханасына түсіріпті.

Зорлық-зомбылықсыз Қазақстан үшін күресіп жүрген нәзік жанды ретінде, Шымкент қаласының полициясынан осы іс бойынша заң аясында тиісті шара қабылдауларыңызды сұраймын.

Өкінішке қарай, мереке күні гүл емес, жұдырық алып жатқан әйелдер де бар. Бұл — қоғам үшін өте ауыр шындық.

Халықаралық мереке құтты болсын!», - деп жазды ол. 

Заңгер тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі қоғамда әлі де өзекті екенін айтып, мұндай жағдайларға бейжай қарамауға шақырды. Оның жазбасы әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0