$ 493.85  571.78  6.25

Биыл баспана бағасы тағы қымбаттауы мүмкін

Өткен жылы Қазақстанда 20,5 млн шаршы метр тұрғын үй салынғанына қарамастан, пәтерлер толық сатылып жатыр.

Фото: pixabay
Фото: pixabay

2026 жылы Қазақстанда тұрғын үй бағасының арзандауы екіталай. Бұл туралы «Отбасы банк» АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова мәлімдеді. Оның айтуынша, елдегі демографиялық өсім мен жастардың баспанаға сұранысы әлі бірнеше жыл бойы жоғары деңгейде сақталады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Спикердің сөзінше, 2000–2009 жылдары туған буын қазір еңбек нарығына шығып, отбасы құрып жатыр. Ал жаңа отбасы құрылған кезде ең бірінші кезекте баспана мәселесі туындайды. Сондықтан тұрғын үйге сұраныс азаймайды.

Өткен жылы Қазақстанда 20,5 млн шаршы метр тұрғын үй салынғанына қарамастан, пәтерлер толық сатылып жатыр. Сатылымның басым бөлігі ипотека, тұрғын үй жинақ жүйесі және халықтың өз қаражаты арқылы жүзеге асуда.

Ләззат Ибрагимованың айтуынша, демографиялық өсімнің әсері алдағы 2–3 жылда да сақталады. Сол себепті 2026–2027 жылдары тұрғын үй нарығында сұраныс жоғары болып, бұл бағаға да әсер етуі мүмкін.

Сарапшылардың пікірінше, сұраныс төмендемейінше, баспана бағасының арзандауы да қиын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0