11.03.2026, 13:00

Анасын боқтаған: Семей тұрғыны қамауға алынды

Фото: Pixabay

Сот материалдарына сүйенсек, ер адам анасын бұған дейін де қысымға алған көрінеді.

Семей қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі соты ұлынан зәбір көрген әйелдің ісін қарап, ер адамды әкімшілік қамауға алды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап. 

Сот материалдарына сүйенсек, ер адам анасын бұған дейін де қысымға алған көрінеді. Өйткені, полицияға оған 2026 жылдың 14 ақпанында анасына жақындамау туралы нұсқама берген.

«Бірақ, азамат анасының үйіне келіп, оны балағаттаған және оған құрметсіздік танытқан. Және алдыңғы қорғау нұсқамасын бұзған. Ер адам сотта кінәсін мойындады», - деп хабарлайды сот.

Ер адам тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған нұсқаманы бұзғаны үшін және анасының тыныштығын бұзғаны үшін 10 күнге қамалды.