$ 489.39  567.99  6.19

Таразда 9-сынып оқушысын қатарластары аяусыз ұрып, жансақтауға түсірген (ВИДЕО)

"Жеті қыз оны кастетпен ұрып-соққан". 

Фото: Жасанды интеллект
Фото: Жасанды интеллект

Таразда полиция тоғызыншы сынып оқушысының соққыға жығылу дерегін тергеп жатыр. Күдіктілер есепке қойылған. Зардап шеккен қыздың туыстары шабуыл жасағандардың бостандықта жүргеніне наразы, - деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Әлеуметтік желілерде бір әйелдің қызы қатыгездікпен соққыға жығылғанын айтқан видеосы жарияланды.

"Жеті қыз оны кастетпен ұрып-соққан. Зардап шеккен қыз екі күн жансақтау бөлімінде жатты, жүре алмай, мүгедектер арбасымен тасыған. Видео дәлелдер болғанына қарамастан, күдіктілер бостандықта жүр. Жәбірленушінің жақындарының айтуынша, күдіктілердің туыстары тарапынан оларға да қоқан-лоқы жасалып жатыр", - делінген видеоға жазылған сипаттамада.

Жамбыл облысы Полиция департаментінде бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Төбелеске қатысқан барлық адам анықталып, полицияға жеткізілген.

"Оқушы қыздардың ата-аналары кәмелетке толмаған балаларын тәрбиелеу міндеттерін орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ жасөспірімдердің әрекеті кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысында қаралып, нәтижесінде олар профилактикалық есепке қойылды", - деп хабарлады ведомство.

Полиция қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатқанын қосты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0