$ 489.39  567.99  6.19

«Алаяқ, қаныпезер, өтірікші»: Белгілі блогер қазақ әйелдеріне тіл тигізді (ВИДЕО)

Блогер өз ойын желідегі парақшасында білдірді.

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Танымал блогер Мөлдір Анарбаева қазақтың қыз-келіншектерін сынға алып, ел назарына ілікті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Блогер өз ойын желідегі парақшасында білдірді.

«Бұл қай заманның қатындары?! Жаман айтпай жақсы жоқ, еркектерді кінәлай бермей бір сәт ойланайық та. Беттен алып төске шапқан, жоқ жерден ұрыс табатын, ойынға, қарызға кіріп кеткен әйелдер өте көп. 

Мұндай алаяқ, қаныпезер, өтірікші, жауапкершілігі жоқ әйелдер қайдан шығып жатыр?! Бәріне еркекті, заманды кінәлап отыра береміз бе?! 

Құдай қайда қалды?! Осының бәрі Рамазан айында болып отыр. Туған-туыс дегенді тіпті адам көрмейтін, ата-енесін орнына қойған бәдік әйелді қайтеміз?! 

Ұлтқа сын! Ана әйел анау бір үйді тас қылған еркекпен шетел асып әрең табылды. Заман не болып барады?! Кімнен көреміз?! Ащылық көрген заманда да мұндай болмаған шығар… Сіздің ойыңызшы мұндай сұмдық қайдан пайда болады?!», — деп жазды ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0