$ 491.68  568.23  6.2

Астанада блогер Жанабыловтардың соты басталды: 11 көлік ойнату ісі қаралып жатыр

Еске салайық, бұл іс бойынша айыпталушыларға екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

Фото: sn.kz
Фото: sn.kz

Астанада блогер Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегеноваға қатысты қылмыстық іс бойынша алдын ала сот тыңдауы өтті. Оларға заңсыз кәсіпкерлік қызмет жүргізді және қылмыстық жолмен алынған қаражатты заңдастырды деген айып тағылып отыр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталының тілшісі. 

Істі Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы Әділбек Баймаханов қарап жатыр. Тергеу деректеріне сәйкес, 2025 жылы блогерлер әлеуметтік желілерде түрлі жүлде ойнатулар ұйымдастырып, ақылы оқыту курстарын сатқан. Құзырлы органдар бұл әрекеттерді заң талаптарына сәйкес келмейді деп бағалаған.

Ресми мәлімет бойынша, бұл іс 2025 жылдың 24 тамызында тіркелген. Сол кезде Жанабылов Instagram парақшасында 11 автокөлік ойнатқан. Осыдан кейін уәкілетті органдар ұтыс ойындарының заңдылығына тексеріс жүргізген.

Сот отырысы кезінде айыпталушылар өздерінің бет-жүзін түсіруге тыйым салуды сұрап, өтініш жасаған. Судья бұл өтінішті қанағаттандырды. Соған қарамастан, сот процесі ашық түрде өтіп жатыр.

Еске салайық, бұл іс бойынша айыпталушыларға екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін. Тергеу олардың әлеуметтік желідегі ұтыс ойындары мен ақылы курстар арқылы тапқан табысының заңдылығын анықтап жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0