$ 491.68  568.23  6.2

Шымкентте 35 күн комада жатқан науқас есін жиды

Науқастың жарақаттары аса ауыр болып, өміріне қауіп төнген.

Фото: gov.kz
Фото: gov.kz

Шымкентте мотоциклмен жол апатына түскен 31 жастағы науқас бір айдан кейін есін жиды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Дәрігерлердің айтуынша, науқастың жарақаттары аса ауыр болып, өміріне қауіп төнген.

Науқасқа бірнеше рет күрделі операциялар жасалды. Дәрігерлер 35 күн бойы оның өмірі үшін үздіксіз күресті. Өмір мен өлімнің арасында жатқан науқас көзін ашып, есін жиды. Қазіргі таңда өздігінен тамақтана бастады, - деп хабарлады Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы.

Науқасқа ауыр қосарланған жарақат, жабық бас-ми жарақаты, ауыр дәрежедегі ашық бас-ми жарақаты, бас миының ауыр дәрежедегі соғылуы диагнозы қойылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0