Аллаға тапсырдым!
Танымал тележүргізуші Дана Нұржігіт оқырмандарына ел күтпеген мәлімдеме жасады. Медиамаман жаңалығымен желідегі парақшасында бөлісті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
«Жасың құтты болсын,оқырманым! Отпан таудың басынан ұшқын алған жүрек-жалыны сөнбесін! Бар бастамаң жемісті болсын,жақсыларым! Олай болса, мен де тәукел етіп,амал жасадым:
Кітабымды баспаға тапсырдым. Тағдыры сәтті болсын деп Аллаға тапсырдым! Тілеуімді тілеп қойыңыздар», — деп жазды ол.
Тележүргізушінің оқырмандары түрлі пікір жазып, тілек жаудыруда.