$ 486.2  557.82  6

Атыраудағы отбасының өлімі: Күдіктіге тағы бір айып тағылды

Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Атырау облысының Жангелдин ауылында отбасын қатыгездікпен өлтірді деген күдіктіге тағы бір бап бойынша айып тағылды, - деп хабарлайды  Sn.kz ақпарат порталы.

ІІМ баспасөз қызметі күдікті Сұлтан Сәрсемалиевке қатысты Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады:

  • 99-баптың 2-бөлігі – "Екі немесе одан да көп адамды өлтіру";
  • 188-баптың 2-бөлігі – "Алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған ұрлық".

"Атырау облысы Полиция департаменті бірнеше кісіні өлтіру және олардың мүлкін жымқыру деректері бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Қылмыстық іс бойынша күдікті ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды", - деп хабарлады ІІМ.

Ведомство сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатқанын хабарлады, алайда ресми жауапта күдіктінің жұбайы Ақбаян Мұқанғалиеваның әрекетіне құқықтық баға беру туралы айтылмаған.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0