$ 479.02  551.11  5.82

10 сәуірге дейін Конституция жаппай таралыммен басып шығарылады

Мәдениет және ақпарат министрлігі бір апта ішінде ақпараттық жұмыс жоспарын әзірлеуі тиіс.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

2026 жылдың  10 сәуіріне дейін Конституцияны жаппай таралыммен басып шығарып, мемлекеттік органдарға, білім беру, мәдениет ұйымдарына, кітапханалар мен сауда орындарына жеткізу керек. Үкімет басшысы Олжас Бектенов тиісті тапсырма берді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

«Жаңа Конституцияда мемлекет пен қоғамның орнықты дамуына берік негіз болатын нормалар мен ережелер  түгел қамтылған. Біріншіден, жаңа Конституцияның нормалары бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жандандыру қажет. Осыған байланысты Мәдениет және ақпарат министрлігіне бір апта ішінде  тиісті ақпараттық жұмыс жоспарын әзірлеуді тапсырамын. 2026 жылдың  10 сәуіріне дейін Конституцияны жаппай таралыммен басып шығарып, мемлекеттік органдарға, білім беру, мәдениет ұйымдарына, кітапханалар мен сауда орындарына жеткізу керек», – деді Олжас Бектенов.

Цифрлық даму министрлігіне Конституция мәтінін қолжетімді электрондық платформаларда орналастыруды қамтамасыз ету тапсырылды.

«Білім беру саласында мектептерде, колледждер мен университеттерде Конституция ережелері бойынша  оқу сабақтарын өткізу керек. Ол үшін Оқу-ағарту, Ғылым және жоғары білім министрліктеріне 20 сәуірге дейін тиісті әдістемелік нұсқаулар мен  оқу-әдістемелік құралдарын әзірлеуді тапсырамын», – деді Үкімет басшысы.

Премьер-министрдің айтуынша, Конституцияда медициналық көмекті қаржыландыру көздерін кеңейту, оның ішінде бюджеттен тыс қаражатты тарту мүмкіндігі бекітілген. Бұл осы жүйенің барынша тұрақты  әрі икемді болуына жағдай жасайды.

«Сақтандыру пакеті жоспарлы  және жоғары технологиялық медициналық көмектің көптеген түрлеріне қол жеткізу құралына айналады. Биылғы 1 сәуірге дейін Денсаулық сақтау министрлігі  Әділет министрлігімен бірге қолданыстағы заңнамаға қажетті түзетулерді Парламентке енгізуді қамтамасыз етсін», – деп атап өтті Олжас Бектенов.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0