Кеш 18 шілде күні Алматы қаласындағы «Спартак» стадионында өтеді.
Пуэрто-Риколық әнші Рики Мартин Қазақстанда алғаш рет концерт береді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Кеш 18 шілде күні Алматы қаласындағы «Спартак» стадионында өтеді. Концерт туралы хабарландыруды Freedom Ticketon сервисі ресми парақшаларында жариялады.
Билеттердің алдын ала сатылымы 19 наурыз күні сағат 11:00-де басталады, ал жалпы сатылым 21 наурызда ашылады. Төлем жасалғаннан кейін билеттер сатып алушылардың электронды поштасына жіберіледі.
Ұйымдастырушылардың мәліметінше, әртіс Қазақстанға әлемдік тур аясында келеді. Көрермендерге әншінің ең танымал хиттері — Livin’ la Vida Loca, Maria, She Bangs және Nobody Wants to Be Lonely орындалатын ауқымды шоу ұсынылады. Бұл әндер оның ең белгілі шығармаларының қатарына жатады.
Айта кетейік, Рики Мартин өнер жолын бала кезінен бастаған. Жасөспірім шағында Menudo тобының құрамында болған. Кейін жеке шығармашылықпен айналысып, әлемдік деңгейде танымалдыққа ие болды. GRAMMY.com дерегіне сәйкес, ол екі мәрте «Грэмми» сыйлығының иегері.