Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Виктория Шегай айтып отыр.
Сол себепті, биылдан бастап 30 тамыз жұмыс күніне ауыстырылады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Виктория Шегай айтып отыр. Осыған дейін 30 тамызда Конституция күні аталып келді. Десе де, бұдан былай бұл мереке 15 наурызға ауыстырылады.
– 30 тамыз демалыс күні болмайды, өйткені жаңа Конституция қолданысқа енгізілсе, 15 наурыз ресми түрде Конституция күні болады, – деді вице-министр Мәжіліс кулуарында.
Сонымен, Қазақстанда жыл сайын енді Конституция күні 15 наурыз күні аталып өтілмек.