18.03.2026, 17:30

Мұрат Әбенов жүргізуші куәлігінен айырылғандарға рақымшылық жасауды ұсынды (ВИДЕО)

Фото: Мәжіліс

Оның пікірінше, кей жағдайда азаматтар ауыр мас күйде болмай, аз мөлшерде ішімдік ішсе де, тым қатаң жазаға тартылып жатыр.

Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов Әкімшілік кодекстің 608-бабы бойынша жүргізуші куәлігінен айырылған азаматтарға рақымшылық жасауды ұсынды,  деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Депутаттың айтуынша, қазіргі заң бойынша ішімдік ішіп алғаш рет ұсталғандардың өзі 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылады. Оның пікірінше, кей жағдайда азаматтар ауыр мас күйде болмай, аз мөлшерде ішімдік ішсе де, тым қатаң жазаға тартылып жатыр.

Сондықтан Мұрат Әбенов мұндай жағдайларда жаза мерзімін қысқартып, 7 жылдың орнына 2–3 жылмен шектеу мүмкіндігін қарастыру қажет екенін айтты. Депутат бұл норманы рақымшылық аясында қайта қарап, әділдік қағидатын сақтау керек екенін жеткізді.

Қазір бұл ұсыныс қоғамда қызу талқыланып жатыр, өйткені 608-бап бойынша мыңдаған азамат ұзақ мерзімге жүргізуші куәлігінен айырылған.