Бұл бастама алғаш рет әкімшілік істерге де рақымшылық қолдану ретінде қарастырылып жатыр.
Үкімет отырысында Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Қазақстанда төленбей қалған айыппұлдарға рақымшылық жасау мәселесі қаралып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Алдын ала мәліметке сәйкес, әңгіме әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша салынған айыппұлдар туралы болып отыр. Яғни, жол ережесін бұзу, қоғамдық тәртіпке қатысты ұсақ құқықбұзушылықтар сынды істер қамтылуы мүмкін. Министрдің сөзінше, айыппұлдар толық немесе ішінара кешірілуі ықтимал.
Бұл бастама алғаш рет әкімшілік істерге де рақымшылық қолдану ретінде қарастырылып жатыр.
Қазір нақты қандай санаттағы айыппұлдар кешірілетіні мен кімдерге қатысты болатыны Үкімет деңгейінде талқылануда.