$ 482.49  556.75  5.79

Қостанайда күйеуі 37 жастағы бұрынғы әйелін атып өлтірді

Қайғылы оқиға облыс орталығының ықшамаудандарының бірінде болған.

Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform
Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

Қостанай қаласында 37 жастағы әйелдің өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды,  деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Күдікті ретінде оның бұрынғы күйеуі танылып отыр. Ол оқиға болғаннан кейін өз еркімен полицияға келіп, кінәсін мойындаған. 

Қайғылы оқиға облыс орталығының ықшамаудандарының бірінде болған. Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа сәйкес, ер адам мемлекеттік құрылымдардың бірінде қауіпсіздік саласында жұмыс істеген болуы мүмкін.

Қылмысты жасағаннан кейін ол өзі полиция бөліміне барып, болған жағдай туралы хабарлаған.

Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Алдын ала деректер бойынша, әйел тұрмыстық жанжал барысында алған оқ жарақатынан көз жұмған, — деп нақтылады ведомство өкілдері.

Күдіктінің атына тіркелген аңшылық мылтық тәркіленді.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу-оперативтік шаралар жүргізіліп жатыр.

Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/278342-qostanai-turgyny-aielin-atyp-oltirdi

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0