$ 482.49  556.75  5.79

Marvel таңдаған 20 блогердің ішінде қазақстандық та бар (ВИДЕО)

Бұл туралы блогер әлеуметтік желідегі парақшасында жария етті.  

 

Коллаж: sn.kz
Коллаж: sn.kz

Қазақстандық саяхатшы, видеоблогер Дастан Мұхамедрахим Marvel-дің жаңа «Өрмекші адам» трейлерінің тизерін алғашқылардың бірі болып жариялағандардың қатарына еніп отыр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Компания фильм трейлерінің 40 секундын әлем бойынша 20 блогерге бөліп берген. Олар кезегімен өзіне бөлінген 2 секундтық үзіндіні жеке парақшаларына жүктеген. 

– Мәссаған, ойлаңыздаршы, Том Холланд – Голливуд жұлдызы, қазір атағы дүркіреп тұр. Жақында үйленді, киносы шығайын деп жатыр. Сол Том Холландтың өзі менің жазбама бүгін лүпіл басты. Ойлаңыздаршы, не үшін десеңіздер, біз бүгін Sony Pictures-пен, яғни «Өрмекші адам» фильмін түсіретін компаниямен бірлесіп жазба салдық. Ол жаңадан шығайын деп жатқан «Өрмекші адам» фильмінің трейлерінің 40 секундын алып, екі секундтан 20 блогерге бөліп береді. Ол трейлерді әлі ешкім көрмеген, әлі ешкім білмейді. Сөйтіп, сол жиырма блогердің ішіне Sony Pictures мені де кіргізеді. Ойлаңыздаршы, мәссаған! – деді блогер қуанышын жасыра алмай. 

Блогердің сөзінше, ол жазбаны оған таңғы 5-те салдырған. 

– Менің аудиториям ол уақытта ұйықтап жатады. Мен «өтпейтін болды ғой» дегенмін, сөйтсем менің салатын екі секундымды бүкіл әлем күтіп отыр екен. 3 миллиондай қаралым жинады. Sony Pictures, Marvel, әлемдік іс-шараның ресми парақшасы, Том Холланд барлығы лүпіл басты. 
Сосын бір қуанатыным, ана жазбада өзіміздің Қазақстанның киіз үйі тұр, еліміздің табиғаты тұр. Және мен қазақша сөйлеймін. Сол сөйлегенімді бүкіл әлем көрген болып тұр ғой. Мына жерден керемет бір мақтаныш сезімі кернейді. Еліміз дами берсін, еліміз жасай берсін, Голливудты, әлемді өзіміз бағындыра берейік, – деп сөзін түйіндеді Дастан Мұхамедрахим. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0