$ 482.49  556.75  5.79

Ақмола облысында мәдениет үйінің төбесі опырылып түсті (ВИДЕО)

Бұл ғимаратта ауыл балалары би үйірмесіне қатысып, түрлі мәдени шаралар өтетін. К

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

 

Ақмола облысы Аршалы ауданындағы Арнасай ауылында орналасқан мәдениет үйінің төбесі опырылып түсті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бұл ғимаратта ауыл балалары би үйірмесіне қатысып, түрлі мәдени шаралар өтетін. Куәгерлердің айтуынша, төбенің бір бөлігі құлаған кезде ішінде адамдар болмаған, сондықтан ешкім зардап шекпеген. Алайда тұрғындар бұл жағдай кездейсоқ емес екенін, ғимараттың ұзақ жылдан бері жөндеу көрмей тұрғанын айтады. 1987 жылы салынған клубта осы уақытқа дейін күрделі жөндеу жүргізілмеген, ал шатыр 2011 жылдан бері су өткізіп тұрған.

Соған қарамастан, жауапты мекемелер нақты шешім қабылдамай келеді деген наразылық бар. Ауыл тұрғындары балалардың өміріне қауіп төнгеннен кейін ғана қозғалыс бастала ма деп әкімдікке сұрақ қойып отыр. Мәдениет үйі жабылса, ауылдағы балалардың баратын жалғыз орны қалмайтынын ата-аналар ашық айтып жатыр. Оқиғадан кейін жергілікті билік тексеріс жүргізіп, ғимаратты жөндей ме, әлде тағы да уәдемен шектеле ме — әзірге белгісіз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0